Жаңалықтар

30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне «Тәуелсіздік тірегі Ата Заң» атты кітап көрмесі өтті

29 тамыз күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен, қаламыздың 54380 әскери бөлімінде 30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне арналған «Тәуелсіздік тірегі Ата Заң» атты жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясымен және басқа да құқықтық құжаттармен таныстыру, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік пен патриотизмді, Қазақстан азаматтарының бірлігін таныту. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық референдумда қабылданды. Конституция – бұл мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды, адам және азаматтың міндеттерін, бостандығы, негізгі құқығы, сондай-ақ жергілікті өзін өзі басқару органдары қызметі мен ұйымдастыру принциптерін реттеуші және бекітуші, барлық заң салаларының заңдық негізі болып табылатын, жоғары құқықтық күшке ие мемлекет пен қоғамның негізгі заңы. Конституция барлық құқықтық жүйенің өзегі болы...
Толығырақ... Оқылды: 63 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.08.2024

Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күніне арналған «Семей полигоны – тарихтың қасірет беттері» атты кітап көрмесі өтті

2024 жылдың 29 тамыз күні Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күніне арналған «Семей полигоны – тарихтың қасірет беттері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Семей полигоны-КСРОядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағындаатом бомбаларысынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп,Семейядролық полигоны ашылды. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Көрмеге М.Сәрсекенің орыс және қазақ тілдеріндегі «Семей трагедиясы» және «Семей қасіреті» кітаптары,Қазақстан тарихы энциклопедиялық басылым, К.Бозтаевтың «Семей полигоны»,Е.Байғабылұлы «Ядролық зұлмат»...
Толығырақ... Оқылды: 66 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.08.2024

«Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы

27 тамыз күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Балалар әдебиетімен-болашаққа» жобасы аясында «Жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер» атты облыстық онлайн сайысы өтті. Сайысқа 8 аудан, 2 қала кітапханаларынан 10 оқырман қатысып, Алакөл ауданының Ушарал қаласының І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің 5 «А» сынып оқушысы Кентай Дарын жылдық қорытынды байқауға жолдама алды.
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.08.2024

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде Қазақстанның Халық әртісі, әнші Жүсіпбек Елебековтың туғанына 120 жыл толуына орай «Жүсіпбектің ән-ғұмыры» атты дөңгелек үстелі өтті

Шара барысы кітапханашы Серік Ахметов Халық әртісі, әнші Жүсіпбек Елебеков «Жас қазақ" әнін тұңғыш рет орындап, кейін халық арасында кең түрде насихатталғанын, драмалық спектакльдерде ойнағаны жайлы қысқаша мағлұмат берілді. Қорыта келе "Жүсіпбек Елебеков" ғұмырнамалық хикаяты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша «Өнер» баспасынан «Әйгілі адамдар» сериясымен жарыққа шығып отыр. Ғұмырнамалық хикаятта ұлы әншінің өмір сүрген дәуірі тұтас қамтыла зерттелген және Жүсіпбек Елебековтың замандастары, қазақ өнері мен мәдениетінің қайраткерлері, өнер тарландары жайында да құнды деректер молынан берілгені жайлы айтылып өтті.
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.08.2024

Ақын Тұрсынзада Есімжановтың жеке жинақтаған кітап қорын Ырза Тұрсынзадақызының «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы қорына кітаптарды сыйға тарту салтанатты шарасы

23 тамыз күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен белгілі ақын Тұрсынзада Есімжановтың жеке жинақтаған кітап қорын Ырза Тұрсынзадақызының «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы қорына кітаптарды сыйға тарту салтанатты шарасы өтті. Салтанатты шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Көлбаев Мәрлен Қапашұлы, Тұрсынзада Есімжановтың ұрпақтары, Мемлекет және қоғам қайраткері, Алматы облысының «Құрметті азаматы» Наурыз Қылышбаев, Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Келемсейіт Ермек Әбілмәжінұлы, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Нүсіпбай Әбдірахым, Заң ғылымдарының кандидаты Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы, Ақсу ауданының құрметті азаматы Асқар Исаев, Айнаш Өмірсадыққызы, Салтанат Менлібаева, қалалық және аудандық кітапхана қызметкерлері, кітапхана оқырмандары мен БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында ақын Тұрсынзада Есімжановтың...
Толығырақ... Оқылды: 51 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.08.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика